Бұл жұмыста Римдік құқықтық жүйенің бізге дейін жетуі, және біздің жеке куәлігіміз арқылы биліктің қоғамдағы орнымызды белгілеуі айтылады.

Аңдатпа

Мақсаты бұл жұмыста Римдік құлдық құқықтың бізге дейін жетуі және біздің куәлігіміз арқылы биліктің қоғамдағы орнымызды белгілеуі айтылады.

Талқылау : құжаттар біз жайлы не айтады, қандай мәртебе қандай мағына береді, ондағы құрылған саясат халықты кредиттік, яғни заманауи құл ету. Адамдыққа қарсы 150-200 -дық кредиттер, халыққа үрей көрсету, мүлкін заңсыз алу актілері жазылған мақаладағы құл мәртебесін растады. Яки  CAPITUS DIMINUTIO MAXIMA  мәртебесі жәйдан-жәй немесе компьютер оқу үшін емес халықты құлдықта ұстау мақсатында таңдалғаны мақалада жазылған.

 

Annotation

Purpose: This work says that Roman slaveholding law has reached us and our authorities have staked out our place in society with the help of our certificates.

Discussion: what the documents say about us, what status gives what meaning, the policy embedded in it makes the people a modern slave. Credit Kabbalah contributes to the genocide of the Kazakh people . 150-200% interest-bearing anti-human loans, intimidation, facts of illegal seizure of property confirmed the status of a slave in the article. The article notes that the status of CAPITIS DEMINUTIO MAXIMA was chosen for the purpose of enslaving the population, and not for simple or computer reading.

 

КІРІСПЕ

Біздің өміріміз тұрған саясат. Өкінішке орай қазіргі уақытта қазақ халқы саясаттан алыс және онымен айналысысқысы келмейді. Әрине барлық халықтар әрқашан саясаттан алыс болады, бірақ бәрі де салыстырмалы, бәрі де шартты. Әйтсе де кінәні халыққа арту адамның өз басынан жауапкершілікті алшақтату ешбір шешім бермейді. Ол тарихтан солай болды, адам баласы әр қашан ұлы едейлерді тыңдамады, тыңдағысы келмеді. Себебі ұлы едейлер барлық әрекеттің ең аз бөлшегіне дейін аңғарады, ал ол жеңіл жол емес. ХХ ғасырда Алаш арыстары қазақ халқын ағартумен, оятумен айналысты. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы және де басқа Алаш арыстары қазақ халқын ағартуа үлкен жұмыстар атқарды. Әрине, Алаш арыстарының армандары толық орындалды деп айта алмаймыз. Сатқындардың кесірінен Алаш арыстары қуғынға ұшырап жоспарлар аяқталмады. Бүгін де саясат өзгерді, соғысу тәсілдері өзгерді, ақпаратты жеткізу тәсілдері өзгерді және жаңа тәсілдерді пайдаланбауға ешбір ұлтжанды азаматтың моральді қақысы жоқ.

Бұл жұмыста біз жеке куәландыру құжаттарымызда біздің кім екеніміз жазылғаны тұралы айтамыз, сіздің бұл қоғамдағы орныңыз жайлы. Туылғаннан бастап жүйенің құлына қалай айналамыз?. Кім сіздің құқығыңызды таптады, кімдікі тапталмады. Төлқұжаттағы аты-жөніңізддің жазылу тәртібі қандай маңыздылық беретіні туралы сұрақтарға жауап іздейміз.

II . Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

ҚР азаматының жеке куәлігі – бұл иесінің жеке басын куәландыратын, сәйкестендіретін құжат, онда ресми органдарда тіркелген Қазақстан азаматы туралы негізгі мәліметтер бар. Жаңа үлгідегі жеке куәліктерінде чипте әр азаматтың жеке ақпараттары жинақталған (мысалы, қан тобы, саусақ ізі т.с.с) (Сурет – 1). Әрбір Қазақстан Республикасы азаматы туылған кезде содан соң 16 жасқа келгенде жеке куәлік алады. Бірақ ешкім жеке куәліктің сіз жайлы не айтатынын ойламайды. Деседе Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, босқын куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысында жазылған ( мында оқи аласыз ). Бірақ жеке куәлікті толтыру шаблондары қайдан шықты, яғни неге дәл солай жазылған деген ақпаратпен үкіметтік органдар ешқашан бөліспейді, сол үшін біз осы бөлімде дәл сол мәселелер тұралы қозғаймыз.

 

image-9.png

Сурет – 1. Көне және жаңа жеке куәлік үлгілерінің артқы беті 

( Сурет алынды )

 

Жаңа үлгідегі куәлік. ЖСН нөмірі, аты, тегі, әкесінің аты, фото сурет, т.б туралы ақпараттар жоғарыда айтқандай "Қазақстан Республикасы азаматының паспортының, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің және оларды қорғауға қойылатын талаптардың үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысымен ҚР азаматының жеке куәлігінің жаңа үлгісі құжатында белгіленген. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі тозуға төзімді көп қабатты материалдан жасалған. Ал өлшемі 85,72 x 54,03 мм дөңгелек бұрыштары бар карта. Ол  халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес, қолдан жасаудан қорғаудың жоғары деңгейімен  қорғалған және  микросхемамен, байланыс және байланыссыз интерфейстері бар чип тер , ол иесі туралы ақпараттың электрондық тасымалдаушысы ретінде (флешка) пайдал ануына болады. Жеке куәліктің бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және қазақ және орыс тілдеріндегі мынадай жазулар орналастырылған (Сурет – 2):

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ / РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН         
  2. ЖЕКЕ КУӘЛІК / УДОСТОВЕРЕНИЕ ЛИЧНОСТИ
  3. ТЕГІ / ФАМИЛИЯ
  4. АТЫ / ИМЯ
  5. ӘКЕСІНІҢ АТЫ / ОТЧЕСТВО
  6. ТУҒАН КҮНІ / ДАТА РОЖДЕНИЯ
  7. ЖСН / ИИН
image-10.png

Сурет – 2. ҚР азаматының жеке куәлігі бет жағы. ( Сурет алынды )

Біздің мақаламыздың тақырыбы не еді? Әрине осы жеке куәлікте біздің құқығымыздың тапталуы. Оған алдағы бөлімдерде жетеміз, армен қарай зерттеуімізге оралайық. Ал  куәл іктің артқы  жағында (Сурет – 3) :

  1. ТУҒАН ЖЕРІ/МЕСТО РОЖДЕНИЯ
  2. ҰЛТЫ/НАЦИОНАЛЬНОСТЬ
  3. БЕРГЕН ОРГАН/ОРГАН ВЫДАЧИ
  4. БЕРІЛГЕН КҮНІ – ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ/ДАТА ВЫДАЧИ – СРОК ДЕЙСТВИЯ
  5. Ұлты құжат иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.

image-12.png

Сурет – 3. ҚР азаматының жеке куәлігі артқы жағы. ( Сурет алынды )


 

 

III . Қалай біздің құқымызды тапталған және жеке куәліктің рөлі

Енді тақырыпқа оралайық. Қалай және кім біздің құқығымызды таптап жатыр деген. Былай қарасақ күдікті ештеңесі жоқ, бәрі қиқым дүниелер сияқты және оған ешкім назар аудармайды.  Есіңізге түсіріңізші. Сіз алғаш мектепке барғанда мұғалім сізге не деді ? Ол айтты : “ адам аттары, жер, су, тау аттары әрқашан үлкен әріппен басталып жазылады – деп. Кілтті сөз – үлкен әріппен басталып. Бірақ, әп сәтте 16 жасқа толған соң жеке куәлікті қолымызға ұстаған кезде, біз аты-жөніміз барлығы үлкен әріппен жазылғанын көреміз. Сонда не болды? Кімдікі дұрыс? Бізді оқытқан мұғалім сауатсыз ба? Әлде сол куәліктерді басып шығарып отырған оператор сауатсыз ба? Мүмкін әдейі жасаған шығар, мүмкін байқамай қалды. Үлкен сұрақ пайда болады. 

Толығырақ мән-жайды түсіну үшін тарихқа сүйенейік. Римдік құқық біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғасырдан б. з. д. VI ғасырға дейін болды. Біз өмір сүріп жүрген заңдар Римдік құқық негізінде құрылған заң жүйесі, оның негізгі қағидаты –мемлекет ол азаматтардың өзінара қабылдаған ережелеріне сәйкес барлық құқықтық мәселелерді шешетін орта. Рим құқығының бұл қағидасы бүгінгі күнге дейін биліктің ең көп таралған түрі. Республика сияқты билік формасының негізі осы Рим құқығында. Римдік құқықтық ақыл тең құқықтан алынған әділеттілікті құқықтық іске асырудың негізгі принципі. "Ius est ARS boni et aequi " – "құқық – бұл теңдік және жақсылық екеуінің тең өнері" деп аударылады. Рим құқығының казуизмі сот билігінің жоғары рөлін түсінуге негізделген, "мен талап қоя аламын — ол деген менің құқығым бар" — римдік диктум. Азаматтық өлім – сот үкімі бойынша немесе өзге де мән-жайларға байланысты қылмыстық жаза ретінде туындайтын адамды құқық қабілеттілігінен айыру. Азаматтық өлім институты Рим Заңында пайда болды және XIX ғасырдың ортасына дейін Еуропаның жекелеген елдерінің заңнамасында сақталды немесе бүгінге дейін сақталған. Рим Заңында CAPITIS DEMINUTIO MAXIMA институты болған (сөзбе-сөз лат. құқық қабілеттілігінің барынша азаюы) - азаматтың барлық құқықтарынан айыру. Бастапқыда CAPITIS DEMINUTIO MAXIMA жауларға тұтқынға түскен немесе құлдыққа сатылған азаматтарға қолданылды. Уақыт өте келе басқа негіздер пайда болды. Құқығынан айырылған адамның мүлкі capitis deminutio себептеріне байланысты мемлекетке, кредиторға және т. б. өтті. Таныс жағдай, солай емес пе. Енді сол Римдік азаматтық өлім институтында үш саты болды, олар  :

  1. CAPITIS DEMINUTIO M INIMA

  2. CAPITIS DEMINUTIO M EDIA

  3. CAPITIS DEMINUTIO MAXIMA

Capitis diminutio деп аталатын Рим құқығыны – бұл адамның мәртебесін белгілеу және қоршаған әлемге (қоғамға) оның мәртебесі туралы капиталдандыру арқылы хабарлау.Көне Рим құлағалы қанша жыл өтті, бірақ заңнама негіздері әлі де осы құқықтан вектор алады.

          Қарапайым адамаға, құқық пәнімен хабардар адам мақаладан ештеңе түсінбеген шығар. Қамықпаңыз, армен қарай қызық болғалы тұр. Біз жоғарыда аты-жөніміз жазылғаны кімдікі дұрыс деп сұрақ қойдық. Жауабы : бәрі де дұрыс, қате ештеңесі жоқ. Онда ауаны сілкіндірмей қоя саламыз ба? Жоқ, оны ұғу үшін әр саты жайлы білейік.

 

  1. СAPITUS DIMINUTIO MINIMA

Құжатта сіздің атыңыз бен тегіңіз бас әріппен жазылған болса (Мырқымбай Тырқымбайұлы) - бұл CAPITIS DIMINUTIO MINIMA -ны білдіреді, бұл адамның отбасылық жағдайы өзгерген кезде ғана жасалады. Бұл құқықтардың ең аз жоғалуы. Сіз үйленгеннен кейін еркін адам болуды доғарасыз, жарыңыздың ойымен ақылдасатын тәуелді адамға айналасыз деген сөз.

 

  1. СAPITUS DIMINUTIO MEDIA

Сіздің тегіңіз ғана бас әріппен жазылған кезде (Мырқымбай ТЫРҚЫМБАЙҰЛЫ) - бұл CAPITIS DEMINUTIO MEDIA -ны білдіреді, бұл адам өзінің азаматтық құқығынан айырылған кезде, бірақ бостандық құқығынан сақтаған кезде жасалады. Бұл статуста сізге айыппұл салынуы және жазалануыңыз мүмкін, бірақ құлдықта немесе түрмеде отырмауыңыз мүмкін дегенді білдіреді.

  1. СAPITUS DIMINUTIO MAXIMA

Бірақ сіздің атыңыз бен тегіңіз бас әріптермен жазылған кезде (МЫРҚЫМБАЙ ТЫРҚЫМБАЙҰЛЫ) - бұл CAPITIS DEMINUTIO MAXIMA -ны білдіреді, бұл адамның жағдайының еріктіден еріксізге дейін өзгеруін көрсетеді. Барлық азаматтық және отбасылық құқықтар жоғалады. Бұл дегеніміз, сізге кез-келген мөлшерде айыппұл сала алады, түрмеге жабыласыз немесе кез-келген мерзімге құлдыққа түсесіз, тек қана мемлекеттің күдігіне байланысты.

КСРО паспорттарында тегі, аты және әкесінің аты сиямен жазылған: Иванов Иван Иванович, ал қазіргі орыс паспорттарында Иванов Иван ИВАНОВИЧ. Сонымен қатар Ресейде азаматтар КСРО жеке куәлігімен де жүре береді, көлік айдау куәлігі де КСРО берген құжаттарды инспекторлар қабылдайды. Бұл не деген сөз? Бұл дегеніміз КСРО әлі де бар, ол құжат бойынша құлаған жоқ деген сөз. Оны мемлекет басшылары да тамаша біледі, ұзақ жылдық жоспарлармен құпияда ұстайды.  Ал енді тақырып бойынша:

Егер аты, тегі және әкесінің атын жазуда бас әріптермен басталған болса, онда бұл CAPITUS DEMINUTIO MINIMA мәртебесі, азаматтың құқығындағы ең аз шығын (Сурет – 4).

image-11.png

Сурет – 4. КСРО азаматының CAPITUS DEMINUTIO MINIMA  мәртебесіндегі жеке куәлігі ( Сурет алынды )

Егер бас әріптермен тек тегі толық жазылса — CAPITUS DEMINUTIO MEDIA мәртебесі, азаматтық құқықтар жоғалады, бірақ азаматтың еркіндігі сақталады (Сурет – 5).

image-13.png

Сурет – 5. Қазақстан Республикасының экс-президенті Н.Ә.Назарбаевтің куәлігі - CAPITUS DEMINUTIO MEDIA мәртебесінде ( Сурет алынды )

 

Егер ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ толығымен бас әріппен жазылса, бұл адамның CAPITIS DEMINUTIO MAXIMA мәртебесіне ие болғанын білдіреді, бұл ешқандай құқықтар мен бостандықтардың жоқтығын білдіреді — бұл құл. Мемлекеттегі жүйенің құл.

image-14.png

Сурет – 6. Қазақстан Республикасы азаматының CAPITIS DEMINUTIO MAXIMA мәртебесіндегі жеке куәлігі ( Сурет алынды )

Қорытынды

Сонымен қорытындылай келе біз қалай құқығымыз тапталғанын, мемлекеттік жүйеде құл мәртебесінде екеніміз белгілі болды. Бірақ оны кім жасады? Кім қабылдады? Әрине бұл сұрақтардың жауабы саясатта, заң қабылдаушы органдар, ең бастысы олигархтар Қазақстан тәуелсіздік алған соң бұндай мәртебеде халықты ұстауды жөн көрген. Кредиттік міндеттемелер қазақ халқының мойнындағы шынжыры. 18 толған сәттен бастап жастар  “Kaspi Red,  рассрочка , микрокредит сияқты 150-200 % - дық бандалық балшыққа батады. Қарызға құмар ойын ойнаған студент ақша табу жолында қылмыстарға барады, арын сатады, өзіне қол жұмсайды, балаларын өлітіреді. Маслоудың пирамидасындағыдай жан азықтанбаса адам хайуаннан да артық безіп кетеді. Халықты аздыру мақсатында саясат жүргізілуде. Ешбір мемлекеттік институттар қадағаламайды. Міне бұл аргументтерден кейін ешбір адам бұл жәй ғана сәйкестік дей алмайтыны анық. Мемлекет CAPITIS DEMINUTIO MAXIMA мәртебесінде берілген құжаттарды компьютерлік көз нық анықтай алуы үшін – деп өздерін қорғауы мүмкін. Компьютерлік көз кез-келген әріпті оқи алады, таниды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Римское https://www.facebook.com/photo/?fbid=650509240249362&set=a.297640018869621 право — Википедия (wikipedia.org)
  2. Exposing The Truth – Posts | F    https://www.facebook.com/photo/?fbid=650509240249362&set=a.297640018869621 acebook
  3. https://www.facebook.com/photo/?fbid=650509240249362&set=a.297640018869621
  4. https://www.facebook.com/watch/?v=474503961421375
  5. Ковылина, Р. В. Рецепция римского права в законодательстве России / Р. В. Ковылина. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2010. — № 7 (18). — С. 188-190. — URL https :// moluch . ru / archive /18/1841/.
  6. https://barskaya.livejournal.com/962598.html
  7. https://aftershock.news/?q=node/672455&full
  8. https://shopomania.kz/info/435-udostoverenie-lichnosti-grazhdanina-rk-oformlenie-vosstanovlenie-zamena.html
  9. https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1300000073
  10. https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31326562&pos=282;-59#pos=282;-59
  11. https://www.youtube.com/watch?v=cW8GFrCOXt8
  12. https://www.youtube.com/watch?v=INbnza3wmD0
  13. https://definitions.uslegal.com/c/capitis-diminutio/
  14. https://www.scribd.com/document/65439156/Capitis-Diminutio-Maxima-Name-in-ALL-CAPITALS
  15. https://www.scribd.com/doc/40935092/Capitis-Diminutio-Maxima

Assylzhan Satmagambetov

Almaty Civil Aviation Academy graduate. Pilot, an UAV engineer and editor of RSJ.